Жаңалықтар

«Kids EXPO. Балалар әлемі»: Астанада балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді

«Kids EXPO. Балалар әлемі»: Астанада балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 10.08.2023 18:48 1074

Астанада EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында өтетін «Kids EXPO. Балалар әлемі» балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ұйымдастырады.
Әкімдік мәліметінше, жәрмеңке 18-20 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Жәрмеңке тақырыптары:

  1. Сауда (кеңсе тауарлары, кітаптар мен оқулықтар, мектеп формасы, киім, ойыншықтар, әртүрлі хобби түріне арналған жабдықтары, гаджеттер, спорттық жабдықтар, жиһаз, балалар тауарлары, сәбилер мен аналарға арналған тауарлар, дәрумендер мен ББҚ);
    2. Білім беру (мектептер, репетиторлар, курстар, жоғары оқу орындары, балалар мамандары, елшіліктер жанындағы шетелдік бағдарламалар);
    3. Ойын-сауық (шығармашылық шеберлік кластары, ойын алаңдары, аниматорлар);
    4. Қызметтер (күтушілер, тасымалдау);
    5. Балалар шығармашылық студияларының мәдени-ойын-сауық бағдарламасы, спорттық іс-шаралар;
    6. Балаларға арналған киімдердің сән көрсетілімі.

«Kids EXPO. Балалар әлемі» балалар тауарлары мен қызметтерінің жәрмеңкесі – тауарлар мен қызметтер нарығының көшбасшыларын біріктіретін алаң, онда елорда тұрғындары мен қонақтары жаңа оқу жылына қажеттінің барлығын сатып ала алады.

Қазіргі уақытта кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру, ойын-сауық индустриясын және т.б. саланы қамтитын 60-қа жуық компания қатысатыны расталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға