Kia Sportage 2026: жаңа түрі несімен ерекшеленеді

 kia.com
Фото: kia.com

Бүгінде орта деңгейдегі көліктердің өзі жоғары класспен теңесіп келеді. Соның бірі – жаңа Kia Sportage.

kia.com

Жаңарған нұсқаның ең алдымен көзге түсетіні – сырт келбеті. Көлік бұрынғыдан әлдеқайда жинақы, батыл әрі заманауи көрінеді. Алдыңғы бөлігі ерекше жасалған, шамдарының дизайны өзгеше, жалпы пішіні қымбат көліктерге ұқсайды. Сыртынан қарағанда-ақ бұл модель бұрынғы Sportage емес екені байқалады.

kia.com
kia.com
kia.com

Салонға отырсаңыз, айырмашылық бірден сезіледі. Іші кең, бәрі ұқыпты орналастырылған. Алдыңызда толық цифрлық панель мен үлкен экран тұр, бәрі бір жүйеге біріктірілген. Жүргізушіге басқаруға ыңғайлы.

Техникалық жағынан да өзгеріс бар. Қытай нарығына арналған нұсқаларда 1,5 литрлік турбо қозғалтқыш орнатылады, қуаты шамамен 197-200 ат күшіне жетеді. Бұл көрсеткіш көліктің жүрісін айтарлықтай жеңілдетеді. Ол енді қалада да, тасжолда да еркін қозғалады.

Сонымен қатар басқа нарықтарда бұл модельдің гибрид нұсқалары да бар. Мысалы, 1,6 литрлік турбо қозғалтқыш пен электр моторы бірге жұмыс істеп, қуаты 230 ат күшіне дейін жететін түрлері бар.

Жайлылық жағы да назардан тыс қалмаған. Панорамалық шатыр, климат-бақылау, 360 камера – үйреншікті функциялар, бірақ бәрі бір көлікте болса, жайлылығы бірден сезіледі.

kia.com

Сондықтан мұндай Sportage-ді қазір тек өз класындағы көліктермен ғана емес, бағасы жоғары модельдермен де қатар қояды. Өйткені сырт келбеті де, ішкі жабдықталуы да олардан кем түспейді.

Егер Kia Sportage көлігін алғыңыз келсе, алдымен бірнеше маңызды жайтқа назар аударған жөн:

- Қозғалтқышы мен беріліс қорабының түрін нақтылап алған дұрыс. Өйткені Қытайға арналған нұсқалар басқа нарықтағы модельдерден өзгеше болуы мүмкін.
- Мультимедиа жүйесінің тілін, қалай жұмыс істейтінін тексеріп көріңіз. Себебі кейде бәрі бірдей ыңғайлы бола бермейді.
- Электроникасы көп болғандықтан, барлық функциясының дұрыс істеп тұрғанына көз жеткізген жөн.
- Құрастыру сапасына да мән беріп, ұсақ-түйекке дейін байқап қараған дұрыс. 

Оқи отырыңыз