Жаңалықтар

Халықаралық тілдер күні

Халықаралық тілдер күні
24.09.2018 12:19 2927

23 қыркүйек күні Ақтөбе қаласы, А.С.Пушкина атындағы мәдени – демалыс саябағында «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты Халықаралық тілдер күніне арналған концерт өтті.

Іс-шараның мақсаты – көп ұлтты Қазақстан халқының тұтастығын сақтау, ҚР этностары арасындағы төзімділік пен өзара сыйластықты тәрбиелеу. Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға тәнті болды. Аталмыш іс-шарада  «Возрождение» Ақтөбе облысы немістерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Файльхен» немістер хоры, Ақтөбе облысы Қазақстан кәрістер Ассоциациясының «Чхинсон» «Халықтық» ансамблі, «Чиндо Ариран» вокалдық тобы және кәрістер шығармашылық тобының әншісі Ғалым «Қалауым» әнін орындап, Әзірбайжандар қауымдастығының «Дети гор» ансамблі және «Дэш» цыған ансамблінің әншісі Алексей Дадусенко өз өнерлерін көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға