Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің рөлін жоғары бағалады

Бұл туралы қоғамдық кеңестердің III Мәжілісінде айтылды
Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің рөлін жоғары бағалады
Фото: gov.kz 14.10.2022 17:47 1710

Астанада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен қоғамдық кеңестердің III Мәжілісі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық ұйым өкілдері мәжіліске қатысушыларды құттықтай отырып, Қазақстандағы қоғамдық кеңестер қызметінің рөлі мен маңыздылығын атап өтті.

Мәселен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Кеңсесі Басшысының орынбасары Юрий Фенопетов құттықтау сөзінде азаматтық қоғамның қоғамдық саясат пен заң жобаларын талқылауға қатысуы, сондай-ақ, қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге азаматтық қоғамның тартылуы басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Азаматтық қоғамның, оның ішінде қоғамдық кеңестердің рөлі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар ол министрлікке азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылда ашықтық пен есептілікті ілгерілетудегі ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін алғысын айтып, бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бағдарламалық менеджері Юрий Скаскевич Қазақстанның құқықтық реформаларды имплементациялауда қолдауы, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері арасында ашық диалог ұйымдастыру туралы айтып өтіп, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының бастамаларын іске асыруға, атап айтқанда, қоғамдық кеңестерді нығайтуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп, қоғамдық кеңестерді дамытуға байланысты мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды айтты.

Сондай-ақ жиында аймақтық және республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңес жетекшілері, Парламент және мәслихат депутаттары өз ойларын ортаға салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға