Жаңалықтар

Халықаралық автошеруге қатысушылар Қызылордадағы Достық үйінде қонақта болды

Халықаралық автошеруге қатысушылар Қызылордадағы Достық үйінде қонақта болды
22.07.2019 11:38 4939

Қызылорда қаласындағы Достық үйіне демалыс күндері Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласының Қызыл алаңынан бастау алған «Зов предков» халықаралық автошеруі келіп жетті.   

Халықаралық автошеруге қатысушылар Қызылордадағы Достық үйінде қонақта болды

Автошеру қатысушылары Достық үйінің қызметімен және мұражайымен танысып, олардың қатысуымен «Бірінші наурыз қозғалысының 100 жылдығы» тақырыбында бұқаралық ақпарат өкілдері үшін арнайы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Одан кейін автошеруге қатысушылар Корей халқының батыры, жапонға қарсы халық жасағы - Әділдік армиясының танымал басшысы Хон Бом Донның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін өткізді.

Халықаралық автошеруге қатысушылар Қызылордадағы Достық үйінде қонақта болды

Естеріңізге сала кетейік, автошерудің негізгі мақсаты – Ресей Федерациясындағы көпэтносты халықтың азаматтық бірлігін нығайту және Ресейдің Өзбекстанмен, Қазақстанмен, Моңғолиямен, Қытаймен, Корей Республикасымен халықаралық байланысын одан әрі дамыту.

Халықаралық автошеру өткізу Еуразия кеңістігінің мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынасын орнату үшін, экономикалық, мәдени және гуманитарлық серіктестікті кеңейту үшін өте маңызды.

Халықаралық автошеруге қатысушылар Қызылордадағы Достық үйінде қонақта болды

Экспедицияға қатысушылардың арасында Ресей және Корей қоғамдық мекемелерінің басшылары, саяхатшылар, блогерлер, тілшілер және фотографтар, жүріп өтетін бағыттағы барлық мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының  өкілдері бар.

Халықаралық автошеруге қатысушылар Қызылордадағы Достық үйінде қонақта болды

Негізгі ұйымдастырушылар: Мәскеу қаласы Үкіметінің қолдауы мен «Ассамблея народов России» жалпыресейлік қоғамдық мекемесі, «Ассамблея народов Евразии» үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық одағы.

Арнайы жабдықталған 10 көлік жеті мемлекет аумағын, соның ішінде Солтүстік және Оңтүстік Кореяны басып өтеді. Барлығы 30 мың километр жерді жүріп өтеді (Мәскеу – Ташкент – Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр – Пхеньян – Пекин –Сеул–Мәскеу бағыттары бойынша).

Халықаралық автошеруге қатысушылар Қызылордадағы Достық үйінде қонақта болды

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға