Жаңалықтар

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры тағайындалды

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді
Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры тағайындалды
Фото: gov.kz 22.07.2022 10:55 1579

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев халықаралық туризм және меймандостық университетінің ұжымына жаңа басқарма төрағасы – ректорды таныстырды, – деп хабарлайды El.kz.

Айдос Сәкенов «Болашақ» бағдарламасының түлегі, туризм және кәсіпкерлік саласындағы білікті басшы.

Айдос Мерекеұлы еңбек жолын 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің пайдалану басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы, Павлодар облысы әкімдігінің кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары, ҚР МСМ индустрия және туризм комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Айдос Сәкенов 1987 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының, University of Leeds (Ұлыбритания) Бизнес мектебінің түлегі.

А. Сәкенов жаңа лауазымда туризм және меймандостық саласында жоғары білікті мамандарды даярлау, университеттің білім беру бағдарламалары мен ғылыми әлеуетін дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға