Жаңалықтар

ҚХА УКРАИНА ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚХА УКРАИНА ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ
13.12.2018 05:02 1314

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің Украина делегациясымен кездесуі өтті.

Ассамблея басшысының орынбасары Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иван Кулебаны және оның бірінші хатшысы Владимир Ковалевті ҚХА институтымен таныстырды. Сондай-ақ консультативтік-кеңесші органның қызметі және оның Қазақстан халқының өміріндегі маңызды рөлі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Елші біздің елге бірінші рет келіп отырмағандығын атап өтті. Оның айтуынша, 2003 жылы ол Украинаның Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған кезде, әлі де СНД институты (ТМД елдерінің институты – редакция ескертуі) белсенді жұмыс істеп тұрды және сол жылы үкімет басшыларының отырысы өтіп, оларды Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған. Президент жоспарларымен бөлісіп, олардың макеттерімен таныстырған.

«Нағыз украин ретінде сіздерге ізгілікпен қызыға қараймын. Сіздер тек әсем Астананы құрып қана қоймай, Ассамблеяны табысты жұмыс істетіп, сонымен қатар Президенттеріңіздің арқасында көп жұмыс жасап жатырсыздар», – деп ерекше атап өтті Иван Кулеба.

Әңгіме барысында Елші Алматы мен Қарағанды қалаларында болып, Достық үйін көргенідігімен бөлісті. Ал кеншілер астанасында ол украин әндерінің фестиваліне қатысқан.

ҚХА хатшылығының меңгерушісі украиндық делегацияға елдегі Достық үйлерінің жұмысы туралы әңгімелеп, этномәдени бірлестіктердің өз кабинеттері бар екенін, осы органды құруда бірінші кезекте Ассамблеяның міндеті этностардың өз дәстүрлерін, мәдениетін, тілін дамыта алуын қамтамасыз етуі екенін айтты.

«Қазір бұл үшін барлық жағдай жасалған. 2010 жылы Қазақстанның ұлттық бірлігі Доктринасы қабылданды, біз сол кезде «әралуандықтағы бірлік» қағидатын сақтай отырып, Қазақстанның біртұтас халқына жаңа вектор – бірлікті белгіледік. Биылғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Президент қойған барлық міндеттерді есепке ала отырып, ҚХА дамуының екі тұжырымдамасы іске асырылды. Енді жаңа тұжырымдаманы әзірлейтін боламыз», – деді Леонид Прокопенко.

Ол енді консультативтік-кеңесші органның құрылымдық бөлімшелері болып табылатын Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері үшін алдағы жылы оларды жаһандандыру және әр түрлі факторлардың сыртқы әсері жағдайында реттеуге және азаматтық қоғамның күшті институтымен жасауға мүмкіндік беретін қоғамдық аккредиттеу өткізілетінін айтты.

Ассамблеяның әмбебаптығы, ҚХА Төрағасының орынбасары айтып өткендей, ол этносаралық қатынастар мәселелерімен айналысатын барлық мемлекеттік органдарды және барлық этномәдени бірлестіктерді біріктіріп отыр. Бүгінгі таңда өз Ассамблеялары бар елдер көпмәдени қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту мен сақтаудың қазақстандық тәжірибесін қабылдайды, өйткені бұрын бұл орган үкіметтік емес ұйым ретінде жұмыс істеді.

«Елбасының дана саясаты этносаралық қарым-қатынастағы барлық мәселелерді тиімді шешуге, оларды дамытуға және ең бастысы халықты бірыңғай тұтастыққа біріктіруге мүмкіндік береді», – деп қорытындылады Леонид Прокопенко.

Кездесу соңында тараптар естелік сыйлықтармен алмасты. ҚХА басшысының орынбасары дәстүр бойынша Украинадан келген делегацияға шетелдік қонақтар үшін арнайы жасалған Ассамблеяның логотипі бар кәдесыйын табыс етті. Бұл бейбітшілік пен Қазақстан халқының бірлігінің нышаны – киіз үй. Сондай-ақ, ҚР Украина Елшісіне «Жерұйық» (бүкіл Тәуелсіз Қазақстанның үш тілдегі тарихы) және Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік пен қоғамдық келісім идеясы» кітаптары табыс етілді. Ал ҚХА сыйлық қоржынына көрнекті әшекейленген украиндық кәдесый қосылды.

ҚХА өкілдерінің Украина елшісімен кездесуінен фоторепортажды мына жерден көруге болады

 

Нұргүл ШАТЕКОВА color:#3B3C3C">

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша  none;text-underline:none">ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз. color:#3B3C3C">

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға