Жаңалықтар

«Кейде біреу кекірейіп қалады»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың тойға неге келмегінін айтты

«Кейде біреу кекірейіп қалады»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың тойға неге келмегінін айтты
Фото: Видеодан алынған кадр 23.11.2023 15:42 58129

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғардың үйлену тойына тұңғыш келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың неліктен келмегенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заңғардың алғашқы әйелінен ажырасуына халықтың сыны мен қаңқу сөздері әсер еткенін айтқан продюсер тым көп артық сұрақ қойылатынын алға тартып ренжіді. Осы арада ол «Мамский әңгіме-ге» берген сұхбатында көпшіліктің тарапынан Жұлдызға қатысты қойылған сұраққа да жауап бере кетті.

Неге анау жоқ, неге мынау жоқ деп сұрайды. Әркімнің отбасылық өмірі ғой. Бірде біреу кекірейіп қалады, бірде тағы бірдеңе болады. «Сен неге келмедің, кешірші, ертең халық сені сұрайды» деп әрқайсысының артынан жүгіріп жүрмеймін ғой. Әркімнің басы бар, келемін деген адам келеді, ешкімнің кеудесінен итерген емеспін. «Мама, той болып жатыр екен, қандай көмек керек?» деп келіндер жүгіріп жатса, мен тек қуанамын. Осы уақытқа дейін бәріне өзім жүгіремін, тойхананы да өзім таптым, - деді Айдарбекова.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртастың анасы келініне аздап реніші барын да меңзеді.

Келін келгенде барлық проблемаң шешіле қалатындай сезінесің, шын ниетпен қуанасың. Ол барлық ененің басынан өткен шығар. Жылуыңды бересің. Бірақ біреулер оны түсініп, жақсылыққа жақсылықпен қайтарса, кейбіреулер мұның бәрін қалыпты жағдай сияқты түсініп, «олар менің барлық жағдайымды жасауға міндетті» деп ойлайды. Оның бәрін қыздың анасы айтып отыруы керек. «Келін болып түскен соң енеңнің бір қанаты болуың қажет» деп айту аналардың парызы деп ойлаймын.

Бұған дейін жұлдызды отбасының отағасы Нұртас Айдарбеков те тұңғыш келініне қатысты ойын айтқан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға