Жаңалықтар

"Кешір мені". Әнші Мақпал Исабекова марқұм әкесіне қоштасу хатын жазды

"Кешір мені". Әнші Мақпал Исабекова марқұм әкесіне қоштасу хатын жазды
Фото: instagram.com/makosyai 28.09.2023 11:13 1611

Әнші Мақпал Исабекованың әкесі осыдан он күн бұрын өмірден өткен. Өнер иесі Instagram парақшасында марқұм әкесі жайлы жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенсіз 10 күн өтті. Өмір бойы менің жанымда болдың да, бір сәтте жоқ болдың. Мен бұл сәтке өзімді дайынмын деп ойладым, олай емес екен. Сен туралы ойласам жан дүнием өртеніп, тамағыма өксік тығылады. Ұлымның көзінше жыламауға тырысамын. Қайғыға батып кетпеуімнің бірден-бір себебі ұлым. Мен өмірге деген көзқарасымды түсіндіріп, саған көп нәрсені үйреуге тырысатынмын. Көңілім толмай, жиі күңкілдейтінмін. Бірақ сенің  мені қолдайтыныңа сенетінмін. “Алға, қызым” деген сөздері маған демеу беретін. Қазіргі күйімді сөзбен қалай айтып жеткізерімді білмеймін. Жоқ, мен есеймедім, өзімді жалғыз сезінуді қойдым, бірақ бір бөлшегімнен айырылып қалғандаймын. Менен алыста болсаң да, сенің бар екеніңді білу мен үшін жеткілікті еді, – деді Мақпал Исабекова.

Әнші әкесін айтқан сөздерді есіне алды.

Енді сен маған хабарласып ештеңе сұрамайсың. Сауалыңның жауабын тыңдамастан, өз әңгімеңді айтып, қатты сөйлейтінсің. Сенімен телефон арқылы сөйлескенде, соңғы рет тілдескенімді білмедім. Біз ешқашан кіммен соңғы рет сөйлесіп тұрғанымызды білмейміз. Бұл да бір өмір тәлкегі. Сен менен кетпеуімді өтіндің, ал мен тыңдамадым. Мен келіп үлгеремін деп ойладым. Осыған сенгім келді, алайда жүрегіммен үлгермейтінімді сездім. Бұл жанның жарасы өмір бойы менімен қалмақ. “Ризамын саған, қызым. Құдай бере салған, күнім. Қайда жүрсеңдер де аман болыңдар. Мықты бол” бұл сенің маған айтқан соңғы сөздерің, – дейді әнші.

Оның айтуынша, әкесі біраз уақыт бойы қиналған.

Әкешім, қаншалықты орныңның бөлек екенін неге кеткеніңде ғана біліп отырмын, қайран өмір-ай. Жаныңның калай қиналғанын бір Аллаһ пен өзің ғана білетін шығарсың. Әкешім, асқар тауым, мәңгі мекеніңе қайттың. Қанша жыласақ та, өмір ағысына көніп отырмыз, амал қанша. Жаның жаннатта болсын, иманың саламат болсын, бір Аллаһ жар болсын! Сен көрмей кеткен қызықты мама көрсін, папа. Жаным әкешім өзіңді қалай жақсы көргенімді айта алмадым саған, кешір… Мен сені жақсы көремін, әке, – деп жазды өнер иесі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Исабекова Макпал (@makosyai)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға