Жаңалықтар

Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі елді мекендердің барлығына газ беріледі

Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі елді мекендердің барлығына газ беріледі
Фото: ©AP/Thomas KIENZLE 13.06.2023 15:52 1787

2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі барлық елді мекендер газдандырылады. Мұны Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысында газдандыруға жататын 192 елді мекенің қазіргі кезде 22-сіне газ құбыры тартылды, 288 мың адам газға қол жеткізуге
мүмкіндік алды. Соның ішінде 12 ауыл облыс құрылғаннан кейін газдандырылды. 2023 жылдың соңына дейін тағы 18 елді мекен газға
қосылады.

Облыс басшысының айтуынша, Президенттің тапсырмасын орындау аясында 2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі барлық елді мекендер газдандырылатын болады. Соның нәтижесінде 506,6 мыңнан астам тұрғын немесе жетісулықтардың 71,7% көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алады.

Осы мақсатта Талдықорған-Үшарал магистральді газ құбыры құрылысының ЖСҚ-сы дайындалуда. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы 124 мың халқы бар тағы 66 елді мекенді газдандырамыз. Жоба 2024-2028 жылдары іске асырылады, - деді Исабаев.

Жетісу облысының инженерлік инфрақұрылымындағы негізгі мәселенің бірі «ТАТЭК» АҚ электрмен қамту нысандарының тозуы деңгейінің жоғарылығы – 87%.

Электрмен қамту нысандарының тозу деңгейін төмендету үшін акционердің жеке қаражаты есебінен және қолданыстағы тарифті өсіру
арқылы инвестиция сомасын арттыру жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, орташа тариф сағатына бір кВт 26,32 теңгеден 28,46 теңгеге дейін, тұрғындар үшін 19 теңгеден 20,54 теңгеге дейін өседі деп көзделген.

Спикердің айтуынша, 2023 жылы 1,1 млрд теңге болып өзгеретін инвестиция сомасы 2024 жылдан бастап жылына 1,5 млрд теңге
болмақ. Соның нәтижесінде 7 жыл ішінде желілер мен құрылғылардың 12% жаңартылып, тозу деңгейі 15%, яғни 87,2%-дан 72,2%-ға
төмендеген.

Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығы салынады. Жетісу облысы елімізде алғашқы болып Талдықорған қаласында
үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп психоневрологиялық аурулары бар науқастарға арналған 50 орындық стационарлық орталық ашты, - деді ол.

Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, «Қамқорлық» қорымен бірлесіп аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға
арналған орталық және Алакөл, Панфилов, Сарқан, Қаратал аудандарында әрқайсысы 30-50 орын болатын балаларға арналған
оңалту бөлімшелері іске қосылған. Соның ішінде биыл Алакөл жағалауында мүгедектігі бар балаларға арналған жазғы демалыс үйі
ашылады.

Сондай-ақ келесі жылы Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығын салу жоспарланып отыр.

Жуырда Алакөлде 700 балаға арналған лагерь ашылады. Жетісу облысында жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп іске қосылып, 5
мектептің құрылысы басталады. Ал өткен бір жыл ішінде 2290 орындық 8 мектеп қолданысқа берілді. 1 шілдеде Алакөл
жағалауындағы Ақши ауылында «Жалын» лагері ашылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға