Жаңалықтар

Кентаулық оқушы қара жорға билейтін робот жасады

Кентаулық оқушы қара жорға билейтін робот жасады
Фото: gov.kz 24.03.2023 14:10 827

Кентадағы №23 орта мектептің бесінші сынып оқушысы Аружан Смайл Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады. Жас өнертапқыш Ақниет тәлімгері Елемесованың жетекшілігімен биші робот жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Басты мақсатымыз – «Арқан тарту», «Көкпар», « Теңге алу» секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу»,– дейді Ақниет Елемесова.

Аружанның айтуынша, үйірмеге алғаш қатысқаннан кейін робототехникаға деген қызығушылық артқан. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба жасағысы келіп, ойын жүзеге асырды.

«Қара жорға» билейтін ерекше роботты ол Наурыз мерекесінде көпшілікке көрсетті. Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден де озат оқушы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға