Жаңалықтар

Кен орнына құлаған автобустан екі адамның денесі табылды

Кен орнына құлаған автобустан екі адамның денесі табылды
Фото: pavlodarnews.kz 04.01.2024 13:43 1463

Құтқару жұмыстарының барысы туралы кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабы екі құтқарушының денесі құмнан табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әлі де құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары қаза тапқан екі жолдасымыздың денесін құмнан тапты. Олардың денесін шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Автобус табылмады, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, кен орнында құтқарушылар автобусы шұңқырға түсіп кеткен еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға