Жаңалықтар

Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болды

Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болды
Фото: primeminister.kz 13.09.2023 17:27 1132

Кемелбек Ойшыбаев «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған. 

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2015-2016 жылдары «ҚазМедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-да, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды. 

2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.

2019-2020 жылдары — «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы.

2020 жылғы маусымнан бастап 2022 жылға дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Айта кетейік, «Хабар Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болған Берік Уәли  Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға