Жаңалықтар

Келестегі елді мекен диқандарының ағын су мәселесі шешілді

Келестегі елді мекен диқандарының ағын су мәселесі шешілді
Фото: Түркістан облысының әкімдігі 05.04.2024 14:45 293

Түркістан облысының әкімдігі Келес ауданындағы шаруаларды сумен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Ташкент каналы Өзбекстан Республикасы аумағынан бастау алады.

Канал Қазақстан Республикасы аумағынан 19,2 шақырымында ағып өтеді. Келес ауданының Жүзімдік, Бірлесу және Ақтөбе ауылдық округтерінің жалпы 2922 гектар егіндік жерлерін сумен қамтиды.

Жүзімдік ауылдық округі аумағынан өтетін СТК каналындағы тоспалы су құрылымында (сарқырама) биыл 9 наурызда апатты жағдай болды. Жөндеу және құрылыс жұмыстары қолға алынды. Өзбекстан Республикасының «Боз-су» ирригация мекемесімен бірлесіп, биылғы жылдың 31 наурызында құрылыс жұмыстары басталып, 2 сәуір күні толық аяқталған. Жөндеу-құрылыс жұмыстарында құйылған бетон қаптамалары ағын су өткізуге 2024 жылдың 5 сәуір күні толық дайын болды. Шаруларға су беріліп, мәселе шешілді, - делінген әкімдік ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға