Жаңалықтар

Мектеп мұғалімдері 5 күндік жұмыс форматына көшеді

Бұл туралы Оқу-Ағарту министрі мәлімдеді.
Мектеп мұғалімдері 5 күндік жұмыс форматына көшеді
Фото: 24.kz 19.08.2022 13:37 1560

Келесі жылдан бастап үш ауысымда оқитын мектептерден басқа барлық мектеп бес күндік жұмыс форматына көшеді, – деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Оқу-Ағарту министрі мәлімдеді.

«Біз осыған қатысты шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына, оның орынбасарларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерге қатысты. Мұғалімдер сенбі күні демалып, балаларының қасында болуы керек деп есептейміз. Бұл оқу жылының созылуы және оқу жүктемесінің қысқаруы есебінен жүзеге асырылады»,–деді министр.

Келесі жылы үш ауысымда оқитын мектептерден басқа барлық мектеп бес күндік жұмыс форматына көшеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға