Жаңалықтар

Келесі жылы 900 медициналық термин бекітіледі - министрлік

Бұл туралы ДСМ мәлім етті
Келесі жылы 900 медициналық термин бекітіледі - министрлік
Фото: gov.kz 26.12.2022 19:52 901

Денсаулық сақтау министрлігінде Министрліктің аппарат басшысы Б. Әбділдиннің төрағалығымен  «Медицина  қызметкерлерінің кәсіби саладағы сөйлеу мәдениеті» тақырыбында  Медициналық терминология комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Отырыста медицина қызметкерлерінің мемлекеттік тілде коммуникативті біліктілігін қалыптастыратын факторларға шолу жасалды, қолданбалы-тәжірибелік тілдік бағыттардың шарттарын саралау, сөйлеу тілінің ақпараттық-мазмұндық ерекшеліктерін талдау қарастырылды.

Терминологиялық комиссия  отырысын  Қарағанды медицина университетінің проректоры Виктор Петрович Риклефск ашты, ол медицинадағы  терминологиялық мәселелердің   маңыздылығын  атап өтті. Кез келген сала қызметкерінің кәсіби тілдік дағдысы, сөйлеу мәдениеті терминологиялық жүйе негізінде іске асырылады. Осы орайда отырыс  жұмысының негізгі міндетіне медицина қызметкерлерінің кәсіби тілдік ахуалын бағалауды, сөйлеудегі жаңа, бекітілген терминдердің қолданысы мен олардың теориялық-практикалық мәнін  ашу жұмыстары енгізілді.  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігінің басқарма басшысы Айжан Әнуарбекқызы Алдангорова бекітілген  медициналық терминдерге, терминдерді бекітуге ұсыну рәсімдеріне,  атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесіне тоқталып өтті.   

Отырыста баяндамалармен  терминологиялық комиссия мүшелері  С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті Бауыржан Шакенұлы Шакенов Тамырлар мен нервтердің атауларын олардың анатомиясымен сәйкестендіре отырып біріздендіру жолдары, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры,  ДСМ комиссия төрағасының орынбасары Жауғашты Байназарұлы Ахметов Дәрігерлердің қайтыс болған пациенттің жақындарымен сөйлесу мәдениетінің үлгілері, сонымен қатар  С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тілдер пәні кафедрасының доценті Төлеубек Қызтаұлы Зайсанбаевтың  Қазақша сөз саптау – ғылым тілінің негізі, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті, м.ғ.к. Марал Жүнісбекқызы Ерғазина Медицина саласындағы мемлекеттік тіл мәселесінің қазіргі жағдайы тақырыптарында баяндама жасады.

Одан басқа  Қарағанды медицина университетінің жас мамандарының медициналық  терминологияға ерекше көңіл бөлгені   Комиссия мүшелерімен атап өтілді, атап айтқанда Қарағанды медицина университетінің хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті Төлеген Икрамович Керимбеков өз баяндамасында  бүгінгі таңда  біркелкі  қолданылмайтын және жазылмайтын бірнеше терминдерге «операция-ота», «медсестра – медбике, мейіргер» және т.б.  тоқталып өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша 2023 жылы 900 (тоғыз жүз) медициналық терминді бекіту жоспарлануда және  Комиссияның хаттамалық шешімімен  белгіленеді. Терминологиялық комиссия  отырысының ұйымдастырушысы Қарағанды медицина университеті,  отырысқа  барлығы  57 маман қатысты.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға