Жаңалықтар

ҰБТ-ға информатика пәні енгізілді

Информатика оқушының IT-ді меңгеруіне көмек беріп, алгоритмика, логикасын дамытады.
ҰБТ-ға информатика пәні енгізілді
Фото: primeminister.kz 13.09.2022 12:43 27399

Оқушылардың барлығына информатика пәнін оқу қажет. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Біріншіден, бала болашақта қай саланың маманы болса да келешекке бейімделуі үшін информатика пәнінің маңызы зор. Информатика оқушының IT-ді меңгеруіне көмек беріп, алгоритмика, логикасын дамытады. Екіншіден, IT саласына барамын деген үміткерлер үшін информатика пәнінен ҰБТ тапсыруды тиісті министрлікке ұсындық. Олар шешім қабылдап, информатиканы таңдау пәні ретінде енгізіп қойды. Келесі жылдан бастап информатика пәнін ҰБТ-да таңдауға болады», - деді министр.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға