Жаңалықтар

Келесі жылдан бастап арнаулы әлеуметтік төлемді кімдер алады

Келесі жылдан бастап арнаулы әлеуметтік төлемді кімдер алады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 26.12.2023 11:11 930

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу шеңберінде арнаулы әлеуметтік төлемдер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, бұл төлемдерді кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған 55 жасқа толған жұмыскерлер ала алады.

Төлемді алудың негізгі шарты еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналыспау керек. Мұндай жағдайда жұмыскерлер үшін жұмысқа орналастыру шаралары ұсынылатын болады. Арнаулы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады. Атап айтсақ, республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы; зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде сақтандыру төлемі; жұмыс берушінің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіптік төлем; БЖЗҚ-дағы жинақтарды ескере отырып, зейнетақы төлемі. Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады, – деді ол.

Светлана Жақыпова тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары үшін оң нәтиже күтілетінін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға