Жаңалықтар

KAZENERGY қызметкерлерінің арасында үстел теннисінен турнир өтті

Фото: El.kz/Артем Чурсинов 19.04.2025 15:33 689

Бүгін Астанада KAZENERGY қауымдастығына мүше компаниялар арасында үстел теннисінен турнир өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған спорттық шара қауымдастықтың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты қолдауға бағытталды.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлт денсаулығын нығайту, халық арасында спорт мәдениетін дамыту жөніндегі ұстанымымен үндесіп отыр. Президент жуырда қол қойған «Спорт туралы» жаңа заң – бұл бағыттағы мемлекеттік қолдаудың айқын көрінісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир тек мерейтойлық шара ғана емес, сонымен қатар сала қызметкерлері арасында серіктестік пен командалық рухты нығайтуға бағытталған маңызды бастама саналады.

Турнир біздің қауымдастық мүшелерінің арасында өтеді. Бүгін 15 топ қатысып отыр. Мұндай шаралар ұжым ішіндегі байланысты күшейтіп, сала қызметкерлерін біріктіреді. Сонымен қатар, бұл – денсаулық пен белсенді өмір салтын дәріптеудің жарқын мысалы, – деп атап өтті KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов.

Турнирге қауымдастыққа мүше энергетика саласындағы ірі компаниялардан құралған командалар қатысып, тартысты бәсеке көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы марапаттар табысталды.

\

Фото: El.kz/Артем Чурсинов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға