Қалың тұман салдарынан Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасындағы (Жаңа Жол ө/п) күре жолында жылдамдық режиміне шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ақмола облысында ауа - райының нашарлауына байланысты (тұман, көрінудің шектелуі) Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасындағы (Жаңа Жол ө/п) тасжолының 140-180 шақырым аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жылдамдық режиміне уақытша шектеу енгізілді.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
«КазАвтоЖол» жолаушыларға ескерту жасады
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды