Kazakhstan Fashion Week 2026: Астанада сән апталығы басталды

 Арман Мұхатов
Фото: Арман Мұхатов

26 сәуірде Ұлттық музейде Kazakhstan Fashion Week Astana 2026 сән апталығы басталды. Шараны Dinara Satzhan бренді бастады. Ұлттық код пен заманауи стильге негізделген 48 киім көрермен назарына ұсынылды. 

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, негізгі көрсетілім алдағы екі күн The Ritz-Carlton Astana қонақүйінде жалғасады. Назарларыңызға Dinara Satzhan мен Bessarion брендінің бірге жасаған туындыларын ұсынамыз. Айта кетерлігі, Бессарион Размадзе грузиялық дизайнер, 2009 жылы Bessarion брендінің негізін қалаған. 

Акварельді абстракт принті бар шлейфті кейп-көйлек

 

дизейнерлер осы сән апталығында қара түске акцент қойған

 

пудра түсті нәзік көйлек гардеробта артық болмайды

 

акцентті етік пен қара көйлек – күзгі топтаманың негізгі бөлігі

 

түрлі түсті үйлестіре білуді есте ұстаңыз

 

Динара Сәтжан ою-өрнекке акцент қойып, киімнің жаға-жеңіне әдемі үйлестірген

Биыл сән апталығына 17 дизайнер қатысып, 2026 жылдың күз-қыз топтамасын ұсынады. Олардың қатарында отандық және шетелдік дизайнерлер бар. 

 

күзде осындай ұлттық код пен заманауи балансты сақтаған тренч киюге болады

 

Оқи отырыңыз