Жаңалықтар

Катарда футболдан әлем чемпионатына арналған "лего-стадион" салынды

Стадион Катардың халықаралық телефон кодына сәйкес түрлі-түсті 974 жүк контейнерден салынған
Катарда футболдан әлем чемпионатына арналған "лего-стадион" салынды
Фото: techcult.ru 16.11.2022 21:45 2074

Катарда футболдан әлем чемпионатына арналған жиналмалы стадион жүк контейнерлерінен жасалған, деп хабарлайды El.kz aljazeera арнасына сілтеме жасап.

Бұл футболдан әлем чемпионаты тарихында алғашқы жиналмалы стадион.

Стадион Катардың халықаралық телефон кодына сәйкес түрлі-түсті 974 жүк контейнерден салынған. Онда киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық орталықтар, допинг-бақылау бөлмелері, трансляциялық студиялар, дәретханалар, тіпті VIP-алаңдар бар.

Сонымен қатар, қонақтар үшін "контейнерлік" стильдегі мейрамханалар мен кафелерде Парсы шығанағын тамашалап отырып кофе ішетін аймақтар салынған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Чемпионат аяқталғаннан кейін стадион толығымен қайта жиналады. Стадион бұзылғаннан кейін нысанның бөлшектерін спорт инфрақұрылымы жоқ дамушы елдерде әр түрлі жобаларға пайдаланылады.

Мамандар стадионды бөлшектеу көп қаражат пен күш талап етпейтінін айтады. Бөлшектеу өте оңай, дизайны әйгілі лего конструкторының идеясына негізделген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға