Жаңалықтар

Каспий жағалауынан итбалықтардың өлі денесі табылды

Каспий жағалауынан итбалықтардың өлі денесі табылды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі 13.05.2023 13:53 938

Маңғыстау облысында итбалықтардың қырылу дерегі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, теңіз жануарларының өлі денесі кеше табылған. 

2023 жылғы 12 мамыр сағат 17:00 шамасында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында бірнеше ондаған итбалықтар мен  балықтардың ұшасы табылды, - деп жазылған баспасөз қызметінің дерегінде. 

Қолданыстағы өзара іс-қимыл жйүесіне сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері жедел түрде хабардар етілді. Итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен Гидробиология және экология институтының, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының, Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің,, Қазгидрометтің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы шықты.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті және Қазгидромет қызметкерлері өлі итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамаларын алған. Табылған теңіз жануарларының өлімге ұшырағандарының көпшілігі бекіре балық түрлерінің де қатты ыдырау және шіру сатысында болғандықтан, сынама алу мүмкін болмады.

Бұл ретте Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері  өлімге ұшыраған итбалық ұшаларынан сынама алу мүмкін болған бір данасынан тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағзаларын (бауыр, өкпе),  ал гидробиология және экология институты тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін тістері мен тырнақтарын, жүнін алды. Бұдан басқа, аталған дерек2023 жылғы 12 мамырдаМаңғыстау облысы Түбқараған ауданының полиция бөлімі СДТБТ-да № 234752030300589 болып тіркелді және сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жануарлардың өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталатын болады, - деп жазылған министрлік таратқан деректе. 

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастырып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға