Жаңалықтар

Каспий теңізінің жағалауында екі жасөспірім құтқарылды

Каспий теңізінің жағалауында екі жасөспірім құтқарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 23.07.2023 21:11 502

Каспий теңізінің жағалауында екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

22 шілдеде сағат 20.50-де Маңғыстау облысы ТЖД 112 пультіне Ақтау қаласының төртінші «а» шағын аудандағы   Каспий теңіз жағалауынан серфинг-таяқшасымен жағадан 1,5 шақырымға ағыспен алыстап кеткен 2006 және 2007 жылы туған екі жасөспірімді Маңғыстау облысының ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары құтқарды, - делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жүзу құралы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға