Жаңалықтар

Каспий теңізінің фаунасын қорғау мәселесі талқыланды

Каспий теңізінің фаунасын қорғау мәселесі талқыланды
Фото: gov.kz 17.05.2023 23:25 656

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің Басшысымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт мырза климаттың өзгеруіне бейімделу, биоәртүрлілікті сақтау, Каспий теңізінің фаунасын қорғау және жастардың экологиядағы рөлі туралы кейбір мәселелерді талқылады.

Жастар туралы айта келе, министр оның экологиялық хабардарлық пен экологиялық мәдениетті арттырудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті. Мәселен, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының «Экология болашағы» бағыты халықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың экологиялық білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Экология министрлігі аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру сияқты экологиялық іс-шараларды өткізу кезінде жастарды тартуға тырысады («Жасыл ел» қозғалысы, «Birge-Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы және т.б.).

Климаттың өзгеруіне бейімделу мәселесі бойынша бүгінгі күні Министрлік процестің әрбір кезеңін жүзеге асыруды неғұрлым егжей-тегжейлі түсіндіру үшін климаттың өзгеруіне бейімделу процесін ұйымдастыру және іске асыру қағидаларын әзірлеп, бекіткенін атап өту қажет. 

Парниктік газдар шығарындыларын азайту шаралары, сондай-ақ экономика мен халықтың осал секторларының климаттың өзгеруіне байқалатын және күтілетін салдарға тұрақтылығын арттыру үшін іс-шаралар көзделген ОНУВ-ны (ұлттық деңгейде айқындалатын салымдар) іске асырудың Жол картасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан бірқатар халықаралық экологиялық келісімдердің тарапы, олардың ішінде біз 1994 жылы ратификациялаған биологиялық әртүрлілік туралы конвенция, базалық түрі деп айтуға болады. Эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді, бірегей эталондық учаскелерді және тұтастай алғанда табиғи экожүйелерді сақтаудың ең тиімді шарасы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құру және оның жұмыс істеуі, - деді Зүлфия Сүлейменова.

Қазіргі уақытта республикада барлық табиғи аймақтарда мемлекеттік табиғи-қорық қорының 159 объектісі, оның ішінде кез келген шаруашылық қызметті болдырмайтын 10 мемлекеттік табиғи қорық бөлінген.

Мысалы, 2022 жылы Орал ақбөкен популяциясын сақтау және басқару мақсатында жалпы ауданы 343 мың гектардан асатын «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты және Батыс Қазақстан облысында жалпы ауданы 314 мың гектардан асатын «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.

Каспий теңізінің фаунасын сақтау үшін министрлік балық қорларын қорғау саласындағы браконьерлікке қарсы күрестің тиімділігін арттыруға және су биологиялық ресурстарының жай-күйін зерделеу бойынша ғылыми зерттеулермен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді.

Кездесу соңында Министр Фолькер Фробарт мырзаға алғысын білдіріп, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және зерттеу мәселесінде одан әрі қолдауға сенетінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға