Жаңалықтар

Каспий теңізінде жасөспірім құтқарылды

Каспий теңізінде жасөспірім құтқарылды
Фото: © El.kz 03.07.2023 02:20 388

2023 жылғы 02 шілдеде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Каспий теңізі жағалауында суға түсуге арналған жабдықталмаған жерде,  жылжымалы авариялық-құтқару пунктінде кезекшілік атқару кезінде 2006 жылы туған жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жасөспірімге медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

Жазда су айдындарында қауіпсіздіктің белгілі бір ережелерін сақтау керек.
Арнайы жабдықталмаған бейтаныс жерлерде шомылудан аулақ болыңыз.
Балаларды үнемі бақылаңыз, оларға судағы қауіпсіздік туралы айтыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға