Жаңалықтар

Каспий теңізінде екі адам құтқарылды

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 22 қызметкер, 2 бірлік техника және 4 жүзу құралы жұмылдырылды
Каспий теңізінде екі адам құтқарылды
Фото: pixabay 23.04.2023 19:47 868

Каспий теңізінде екі ер адам құтқарылды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 23 сәуірде сағат 12.45-те Түпқараған ауданының Қызылөзен аулынан 20 км жердегі Саура шатқалында Каспий теңіз жағалауынан  15 км жерде Маңғыстау облысы Жедел құтқару жасағының құтқарушылары шекара  қызметінің әскери қызметкерлерімен бірлесіп үрмелі қайықпен балық аулауға шығып, өз еріктерімен жағалауға жете алмаған 1983, 1984 жылдары туған екі азаматты құтқарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД және шекара қызметінен 22 қызметкер, 2 бірлік техника және 4 жүзу құралы жұмылдырылды.

Құрметті облыс тұрғындары! Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «дауылды ескерту» хабарламаларына назар аударуға кеңес береді. Теңізге үрмелі қайықпен шығу өте қауіпті. Желмен ашық теңізге алып кету қаупі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға