Жаңалықтар

Kaspi банкті басып алу: күдікті өзін полицейлер атып өлтіргенін қалаған

Kaspi банкті басып алу: күдікті өзін полицейлер атып өлтіргенін қалаған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 29.08.2023 11:43 667

Астанада Kaspi банкте адамдарды кепілдікке ал ер адамға қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті Әлихан Мұрадов сотта кінәсін мойындап, мұндай әрекетке барған сәтте есірткіге мас болмағанын мәлімдеді.

Прокурор жариялаған тергеу мәліметтері бойынша, Мурадов банкті басып алған күні белгілі бір медициналық препаратты қолданып, өз-өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдаған. Ойы жүзеге аспай қалған соң жаңа жоспар құрып, адамдарды кепілге алып, сонан соң өзін полиция қызметкерлері атып тастайды деп шешкен.

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 261-бабының 2-бөлігі (4, 8, 9) бойынша айып тағылды. Егер Мұрадовтың кінәсі дәлелденсе, ол жеті жылдан 12 жылға дейін түрмеге жабылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға