Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге тауарлы сүт фермаларын салу үшін несие беріле бастады

Кәсіпкерлерге тауарлы сүт фермаларын салу үшін несие беріле бастады
Фото: gov.kz 06.10.2023 19:36 848

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кезекті кеңесте Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі үлкен жобаның іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған жоба СҚО-ның тауарлы сүт фермаларын салу жөніндегі оң тәжірибесін еліміздің басқа өңірлерге таратуға бағытталған. Тамыз айындағы осы мәселе бойынша өткен соңғы кеңестен бері өңірлерде Үлкен жобаны бастауға қатысты жұмыстарда едәуір ілгерілеушілік бар. 2023 жылғы 31 тамызда АӨК саласындағы жобаларды несиелеу қағидалары қабылданды. Бұл сенімді агенттер арқылы 2,5%-бен 10 жылға дейін несие рәсімдеуге мүмкіндік береді. Несиенің ең жоғарғы сомасы 5 млрд теңгеге дейін.

Үлкен жобаға қатысатын 11 облыстың 8-і ӘКК атынан сенімді агенттерді анықтады. 

Тағы 3 өңір (Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары) оларды анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізуде. 

Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары 34 млрд теңге көлемінде несиелеу қаражатын алды. 

Қазан айында тағы 5 өңірге (БҚО, Алматы, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстары) 52 млрд теңге аудару жоспарлануда.

Мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП бірлесіп жобалардың әлеуетті пулын, оның ішінде өтініш беруші кәсіпорындардың бизнес тұрақтылығы тұрғысынан талдады. Жұмыс жаңа бағдарлама шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың іске асырылуы мен тиімділігін бақылау үшін мемлекеттік органдар, бизнес және әкімдіктер арасында салааралық интеграция құру туралы вице-премьердің тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізіледі.

Талдау қорытындысы бойынша кейбір жобалар алынып тасталды, ал әкімдіктерге 2024 жылдан бастап іске асыруға толық дайын және Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін жобалардың сапалы тізбесін енгізу тапсырылды. Талдаудың қорытынды нәтижелерін келесі кеңесте қарау туралы шешім қабылданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға