Кәсіпкерлерге 2023 жылы 11 мың микрокредит берілмек

El.kz
Фото: El.kz 26.01.2023 10:00 205

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөнінде тапсырма берген болатын.  Оның аясындағы жобаны масштабтау ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың халқына микрокредиттер сенім білдіріп отырған өкіл (агент) арқылы беріледі. Бұл туралы толық ақпарат алу үшін El.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне арнайы сұраныс жіберді.

Минстрліктен берілген ақпаратқа сәйкес, ауыл халқының табысын көтеру жөніндегі жобаны масштабтау негізінде микрокредит алуға үміткерлер «Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» 2019 жылдың 11-ші сәуіріндегі № 178 ҚРК айқындаған тұлғалар жатады.

Оның ішінде:

1) жұмысын енді бастаған және қызмет етіп жүрген жұмыскерлер;

2) зейнет жасына толмаған қысқартылатын кәсіпкерлер;

3) жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кіріс алу үшін тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету туралы жұмысты дербес іске асыратын тұлғалар немесе әрекетсіз жеке жұмыскерлер;

4) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес іске асыратын азаматтар;

5) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жұмысын өз бетінше іске асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қызметкерлер;

6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем өндірістік кооперативтердің мүшелері.

Микрокредит алу үшін үміткерлер сенім білдірілген өкілге (агентке) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу туралы шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды береді.

Ауыл тұрғындарының табысын көбейту мақсатындағы жобаны масштабтау негізінде үміткерлерге келесі шарттарда микрокредиттер берілетін болады:

1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жоба болатын болса, микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін;

2) микрокредит берілетін қаржының ең жоғарысы – ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда – 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 мың айлық есептік көрсеткішке дейін;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;

4) кепілмен қамтамасыз етіледі;

5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу жөніндегі жеңілдікті кезең микрокредиттеу мерзімінің ұзақтығының үштен бір аспайтын бөлігін құрайды;

6) ҚР-ның салық заңнамасына сай салық органдарында тіркеу мүмкіндігің болуы.

Ауыл тұрғындарының табысын көбейту жөніндегі жобаны масштабтау аясында ұсынылатын микрокредиттер облыстардың әкімдіктері мемлекеттік сатып алуды жүргізу арқылы айқындайтын сенім білдірілген өкіл арқылы беріледі.

Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері тарапынан ҚР Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүргізу арқылы сенім білдірілген агентті айқындау бойынша жұмыстар әлі жүргізілуде.

Осыған байланысты, ауыл мен шағын қалалардың тұрғындарына ауыл халқының табысын көбейту жөніндегі жобаны масштабтау негізінде микрокредит беру осы облыстарда сенім білдірілген агент анықталғаннан соң басталатын болады.

Ауыл тұрғындарының табысын көбейту жөніндегі жобаны масштабтауды жүзеге асыру үшін 2023 жылға 11 мың микрокредит беру жоспарымен 52,4 млрд. теңге қаржы көзделген.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар