Жаңалықтар

Кәсіпкерлер әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханға көлік сыйлады

Кәсіпкерлер әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханға көлік сыйлады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 22.09.2023 10:04 1205

Қазақстандық кәсіпкерлер Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарған еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханға көлік сыйлады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

18 қыркүйек күні Белград бозкілемінде жерлесіміз 92 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды. Ол финалда әзербайжандық Осман Нурмагомедовті жеңді.

Осылайша ол тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы болды.

Сонымен қатар Азамат Дәулетбеков те осы чемпионатта қоржынымызға қол медаль салып, одан қалды Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған болатын. Кәсіпкерлер Азаматқа да сый-құрмет көрсетті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от SADU ARENA (@saduarena_almaty)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға