Жаңалықтар

Кәсіпкерге қысым көрсетіп, ақша талап еткен жалған қызметкер ұсталды

Кәсіпкерге қысым көрсетіп, ақша талап еткен жалған қызметкер ұсталды
Фото: gov.kz 15.08.2023 09:20 744

ҚМА кәсіпкерлерді ойдан шығарылған қамқорлық үшін заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген азаматты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол Ішкі қауіпсіздік департаменті елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстырған. 

Жүргізіліп жатқан тергеу материалдарына сәйкес, аталған азамат кәсіпкерден моральдық қысым көрсетіп, 300 мың теңге ақша талап еткен. Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталады, - деп мәлім етті ҚМА баспасөз қызметі.

Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Құрметті кәсіпкерлер! Өздерін фискалдық және басқа органдардың қызметкерлері деп таныстырған азаматтардың заңсыз сыйақы талап етіп, қысым көрсету фактілеріне тап болсаңыз, ҚМА call-орталығына 1458 телефоны арқылы дереу хабарласуыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға