Жаңалықтар

Кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті
Кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: taulik.kz 19.01.2023 11:40 613

Кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Алматы қалалық полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігімен тіркелген қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Соталды тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органы қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл шешім ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тармағы 35-бабы 1-бөлігі бойынша қабылданды. Алматы прокуратурасы қабылданған іс жүргізу шешімімен келісті», - деді Алматы қалалық полиция департаментінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға