Жаңалықтар

Кәріз құдығына құлап кеткен алты жасар қыз құтқарылды

Кәріз құдығына құлап кеткен алты жасар қыз құтқарылды
Фото: Видеодан алынған кадр 21.02.2024 23:29 437

Қостанайда кәріз құдығына құлап кеткен алты жасар қыз құтқарылды. КТК телеарнасының мәліметінше, әуежай шағын ауданында аулада жүрген ойын баласы абайсызда шұңқырға түсіп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар қызметінің жедел құтқару жасағы оқиға орнына тез жетіп, қыз баланы аман-есен шығарды. Оған осы жерден өтіп бара жатқан тұрғындар да көмектескен. Құтқарушылардың сөзінше, құдықтағы шайынды судың деңгейі 70 сантиметрге дейін жетіпті. Абырой болғанда. қыз ағынға ілеспей, құтқарушылар келгенше жағаға жармасып тұрыпты. Алайда аязды күні мұзды суға құлаған балдырған қатты тоңып қалған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға