Жаңалықтар

Карина Ибрагимова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Карина Ибрагимова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: sports.kz 25.03.2023 19:57 1050

Карина Ибрагимова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері мен Олимпиада және әлем біріншілігінің жүлдегері арасындағы бәсеке. Олимпиадалық 57 келіге дейінгі салмақтың финалында Карина Ибрагимова Италия үміті Ирма Тестамен жұдырықтасты.

Аса тартысты жекпе-жек алма-кезек шабуылдармен өтті. Бірақ ұпай санымен қарсыласымыз басым түсті.

Каринаны әлем чемпионатының күміс медалімен құттықтаймыз. Бұл оның спорттық карьерасындағы ең жарқын жеңісі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға