Жаңалықтар

Кәрім Бензема "Реал Мадридтен" кетеді

Кәрім Бензема "Реал Мадридтен" кетеді
Фото: Global Look Press 04.06.2023 17:52 848

"Реал Мадрид" шабуылшысы Кәрім Бензема корольдік клубтағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2009 жылы Францияның "Лион" клубынан трансфермен келген 35 жастағы шабуылшы "Реал" сапында 14 жыл бойы доп тепті. Оның кететіні жөніндегі ақпаратты клуб тарапы растады.  

"Реал" өз кезегінде даңқты шабуылшы әрі аңыз ойыншы Кәрім Бенземаға ерекше айғыс айтады. Онымен қоштасы 6 маусым күні Мадрид уақыты бойынша 12:00-де өтеді. Бенземаны шығарып салуға клуб президенті Флорентина Перес қатысады", - жазды клубтың жанкүйерлермен байланыс қызметі. 

Кәрім Бензема "Реал Мадридте" 647 ойын өткізді және 353 рет гол соқты. Сонымен бірге, 165 рет нәтижелі пас берген табысты ойыншы. Ол клубпен бірге 5 рет Чемпионадар лигасында топ жарса, клубтар арасындағы әлем чемпионатын 5 рет ұтты.

Бұдан бөлек, 4 рет Еуропаның Суперкубогында жеңіске жетті. 3 рет Испания кубогы, 4 рет Испания Суперкубогын иеленді. Ол 2022 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын допқа" қол жеткізді. 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға