Жаңалықтар

Каратэ: Оралдағы турнирге мыңға жуық спортшы қатысады

14.05.2025 09:05 732
Каратэ: Оралдағы турнирге мыңға жуық спортшы қатысады

15-18 мамыр күндері Орал қаласында WKF каратэден Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған Х халықаралық «Akzhayk Open» турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Sportbugin.kz мәліметінше, аталған турнир жасөспірімдер, жастар  мен ересектер арасында ұйымдастырылады.  Сондай-ақ бұл турнир жастар мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатына іріктеу бәсекесі болып саналмақ.

Дәстүрлі халықаралық турнирде Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Ресей Федерациясы  және Түркиядан келген мыңға жуық спортшы бақ сынайды.

Турнирде спортшылар кате және кумито бойынша өзара мықтыларды анықтайды.

Жарыс таңғы сағат 09:00 мен кешкі 19:00 арасында, «Жайық Арена» спорт кешенінде өтеді. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі 16 мамырға жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға