Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы жасөспірімдер Олимпиадасында тарихи алтынға қол жеткізді

Қазақстандық спортшы жасөспірімдер Олимпиадасында тарихи алтынға қол жеткізді
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі 20.01.2024 11:29 1515

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық спортшылар тарихи алтынға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды.

Илья Мизерных (Қазақстан)  — 214 ұпай;

Ники Хаммл — 210,7 ұпай;

Лукаш Лукащук — 209,7 ұпай;

Илья Шильников (Қазақстан) — 124,4 ұпай,

Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бастама өте жақсы. Осы алтын медаль барша спортшыларға жұғысты болсын! Құтты болсын!,- деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бұған дейін жерлестеріміз үш Олимпиадада 1 күміс, 4 қола жүлде алған еді.

Оқи отырыңыз: 

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті

Канвон-2024: Қазақстандық хоккейшілер ойынды жеңіспен бастады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға