Жаңалықтар

Канвон-2024: Қазақстандық спортшы шорт-тректен қола жүлде алды

Канвон-2024: Қазақстандық спортшы шорт-тректен қола жүлде алды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі 21.01.2024 12:00 756

Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында шорт-тректен финалда бақ сынаған Полина Омельчук 3-орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ойын қорытындысы төмендегідей болды:

Ли Жинзи (Қытай) — 1:40.803

Янг Жингру (Қытай) — 1:40.996

Полина Омельчук (Қазақстан) — 1:41:600

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Олимпиаданың 2 күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 қола жүлде бар.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға