Жаңалықтар

Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері Испанияны ірі есеппен ұтты

Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері Испанияны ірі есеппен ұтты
Фото: icehockey.kz 23.01.2024 11:39 630

3x3 хоккейден Қазақстан құрамасы Канвондағы олимпиадада алтыншы ойынын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы қарсылас Испания болды. Рамазана Қайдаров командасы сенімді түрде жеңіске жетті – 14:4.

Осылайша Қазақстан турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып, 9 ұпаймен бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді. Бұл плей-офф аймағы саналады. Алайда жартылай финалға шығу үшін жерлестеріміз қорытынды матчта Ұлыбританияны ұтуы керек.

Бұған дейін Қазақстан Польшаны 18:8 есебімен жеңсе, Қытайлық Тайбэйді 14:2 есебімен ұтты. Өкінішке қарай, Австрияға - 8:9, Латвияға - 11:15 және Данияға 6:8 есебімен жол берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға