Жаңалықтар

Канвон-2024: 31 қаңтарға арналған жарыс кестесі

Канвон-2024: 31 қаңтарға арналған жарыс кестесі
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитеті 31.01.2024 06:04 490

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиаданың 31 қаңтарға арналған жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін қазақстандық спортшылар жалғыз спорт түрінен сынға түсетін болады. Яғни, керлингтен отандастарымыз аралас жұптық кезекде даниялық спортшылармен бақ сынасады. Бұл додада ел намысын Ибрагим Тастемір мен Мерей Тастемір қорғайды.

Аралас жұптық кездесуде қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыстың іріктеу кезеңі Астана уақытымен сағат 09.30-да басталады. Ал ширек финал уақыты - 16:30.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға