Канн кинофестивалі: қызыл кілемдегі жұлдыздар шеруі

 Vogue
Фото: Vogue

Биыл Канн фестивалі  12-23 мамыр аралығында өтеді. Дәстүр бойынша актерлер, режиссерлер, продюсерлер және киноиндустрия өкілдері Каннға жиналып, «Алтын пальма бұтағы» (Palme d’Or) жүлдесіне таласатын 21 фильмді іріктейді. 

Фестиваль өтетін Круазетт жағалауында қызыл кілем төселіп, кино жұлдыздары арасында бәсеке басталады. Тек мұнда ғана емес, сұхбат барысында, қонақүйдегі фотосессия да ел аузында жүреді.

Иә, мұнда кімнің келетінін болжау қиын. Өткен жылы Рианна күтпеген жерден келіп, жұбайы A$AP Rocky-ді қолдаған еді. Оның Alaïa брендіне тиесілі ашық көйлегі кештің ең жарқын образдарының біріне айналды.

Фото: Рианна, Канн фестивалі-2025, Vogue

Ал 1987 жылы ханшайым Диана мен ханзада Чарльздің фестивальге келуі тарихта қалды. Диананың көгілдір шифон көйлегі сән иконасына айналған.

фото: Диана ханшайым, Getty Images

Биыл да назар аударатын есімдер аз емес. Қазылар алқасының құрамында Деми Мур, Хлоя Чжао және Рут Негга бар. Ал фестивальге Адам Драйвер, Скарлетт Йоханссон, Кристен Стюарт, Джулианна Мур, Кейт Бланшетт, Алисия Викандер, Тейлор Расселл, Ренате Рейнсве, Хавьер Бардем, Рами Малек және Ребекка Холл сынды жұлдыздар қатысады. 

Әсіресе, Деми Мурдың қай образын алып қарасақ та, таңданбасқа болмайды. 

фото: Деми Мур, Vogue
фото: Деми Мур, Vogue

 Канн қызыл кілеміндегі ең үздік образдарды назарларыңызға ұсынамыз. Мұнда Шарлотта Dior-дың салмақты костюмін кисе, Барбара Палвин Ella Mae брендінің көйлегін киген. 

Шарлотта Ле Бон, актриса, модель

Шарлотта Ле Бон, Vogue

Барбара Палвин, модель

 

Атақты актриса Джулианна Мур әдемі қызыл көйлекті таңдаса, актриса әрі сценарист Хлоя Чжаоның екі образы да көпшілікке ұнады. Бірінде батыл әйелдің образын жөн көрсе, екіншісінде жұмбақ шығыс сұлуы болуды қалаған. 

Джулианна Мур, актриса

фото: Джулианна Мур, Vogue

Хлоя Чжао, актриса әрі сценарист

Хлоя Чжао, Vogue
Хлоя Чжао, Vogue

Наоми Кинг Канн ашық күлгін түсті көйлек кисе, Кара Делевинь әдетінше қара-көк шақпақ смокинг киіп келген. Бұл – Караның фестивальдегі екінші образы. 

Аджа Наоми Кинг, Vogue

 

Кара Делевинь, Vogue

Леа Сейду мен блогер Мая Малнер фестивальге ерекше көрік берді. Қос сұлудың образы ертегідегі ханшайымды еске түсіреді.

Леа Сейду, актриса әрі модель

Леа Сейду, Vogue

Мая Малнар, блогер

Мая Малнар, Vogue

Актриса Джордано Брюстер образдағы шик элементін жакет-шалбармен әдемі үйлестірген. Актрисаның макияжы да киімнің өңін ашып тұр. Блогер Ума Джамме болса Дисней ханшайымы болуды таңдаған екен. 

Джордано Брюстер, актриса

Джордано Брюстер, Vogue

Ума Джамме, блогер

Ума Джамме, Vogue

Кинофестиваль 23 мамырға дейін жалғасатындықтан, әдемі образдарға әлі де шолу жасаймыз. 

Оқи отырыңыз