Жаңалықтар

Канн фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Канн фестивалінің жеңімпаздары марапатталды
Фото: ©Sortiraparis.com 29.05.2023 05:17 731

76-шы Канн фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фестивалдің жоғарғы марапатын француздық режиссер Жюстин Трие «Траектория падения» (2023) фильмі жеңіп алды.

Фильмде өз күйеуін өлтірді деп күдік келтірілген жазушы туралы айтылады. Басты рөлді неміс актрисасы Сандра Хюлер сомдады.

44 жастағы Ж. Трие «бұл жүлдені өз киносын түсіре алмай жүрген барлық жас әріптестеріне арнап», оған 15 жыл уақыты кеткенін айтқан.

Кинофестивальдің Гран-приі – Канн марапатының екінші дәрежелі сыйлығы британдық режиссер Джонатан Глейзерге берілді. Ол награданы «Зона интереса» (2023) фильмі үшін алды.  

«Үздік сценарист» марапатына жапондық драматург Юдзи Сакамато ие болды. Ол жапондық режиссер Хирокадзу Корээданың «Чудовище» (2023) фильмін түсіруге еңбектенді.

Қазылар алқасының сыйлығын финдік режиссер Аки Каурисмякидің «Мертвые листья» (2023) картинасы алды.

Француздық режиссер Чан Ань Хунгке «Страсть Додена Буффана» (2023) фильмі үшін «Үздік қойылым» сыйлығы берілді.

Үздік актер ретінде биыл түрік актрисасы Мерве Диздар мен жапондық актер Кодзи Якусё танылды.  

Биыл Канн сыйлығы үшін 21 кинолента таласқа түсті. Қазылар алқасына швед режиссері Рубен Эстлунд төрағалық етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға