Жаңалықтар

"Канелоның" бокс кезінде қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

"Канелоның" бокс кезінде қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді
Фото: Ашық дереккөзден 01.10.2023 17:14 1171

Белгілі кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (10-0, 8КО) АҚШ-тың Лаг-Вегас қаласында Сауль "Канело" Альварес – Джермелл Чарло жекпе-жегінің андеркардында шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз Бек Нұрмағанбет Нигерия боксшысы Абимбола Осундаиромен (5-0, 3КО) кездескен еді. Аталған сы суперорта салмақта болып, 6 раундқа есептелген болатын. Жауапты сында Б.Нұрмағанбет үшінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, уақытынан бұрын жеңіске жетті. 

Шымкенттік Бек Нұрмағанбет осы ретте кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Абимбола Осундаиро алғаш рет рингте жеңілістің кермек дәмін татты. 

2022 жылы Бек Нұрмағанбет суперорта салмақтағы WBA International чемпионы белдігін жеңіп алған-тын.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға