Жаңалықтар

Канадада ұшақ апатқа ұшырады

Канадада ұшақ апатқа ұшырады
30.07.2023 22:15 664

Канада тауларында шағын ұшақ апатқа ұшырап, кем дегенде 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Анадолы таратқан мәліметке сәйкес, ұшақ бортында бес жолаушы мен ұшқыш болған. Өкінішке қарай, олардың бәрі қаза тапты.

Ақпаратқа сәйкес, ұшақ Калгари қаласының маңындағы әуежайдан жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00 шамасында ұшып шықты. Сағат 01:00 шамасында ұшақтың жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Канаданың көліктегі қауіпсіздік кеңесі оқиғаны тергеуге кірісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға