Жаңалықтар

Камерадан күліп шыққан: желіде тараған күдіктілердің видеосына қатысты тергеу басталды

05.05.2025 12:37 14240
Камерадан күліп шыққан: желіде тараған күдіктілердің видеосына қатысты тергеу басталды

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот отырысы әлеуметтік желілерде тараған айыпталушылардың қатысуымен түсірілген бейнежазбаны талқылаудан басталды. Бұл видео қоғамда үлкен резонанс тудырып, сот залында да қызу пікірталасқа себеп болды.

Жарияланған бейнекадрда айыпталушылар камерадан күліп шыққанын көруге болады. Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушылары мен көпшіліктің ашу-ызасын тудырды.

Сот барысында бейнежазбаның авторы мен оның қалай тарағаны жөнінде түрлі пікір айтылды. Адвокаттардың бірі сот процесінде өзінің мобилографы жұмыс істегенін, дегенмен ол бұл бейнежазбаны оның көмекшісі түсірмегенін алға тартты.

Судья Ержан Жанұзақов бұл бейнероликтің таралу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға