Жаңалықтар

Қаладан шықпай балық аулауға болатын жер

Алматының сіз білмейтін қыры бар
Қаладан шықпай балық аулауға болатын жер
Фото: ilovealmaty.kz 18.04.2017 16:36 8718

Балық аулағанды жақсы көресіз, бірақ қаладан алыстап кетуге уақытыңыз жоқ па? Ендеше бұл мақала сіз үшін. El.kz редакциясы назарларыңызға Алматыдан алыстамай-ақ қаланың ішінде балық аулауға болатын көлдің бар екенін хабарлайды.

Үлкен мегаполисте қайдағы балық аулайтын жер деп ойлап отырған боларсыз? Бұл көл Т. Рысқұлов даңғылы мен Айша бибі көшесінің қиылысына жақын орналасқан.

Бұл көлді көп адам біле бермейді. Тек балық аулауды шынайы жақсы көретін балықшылардың ғана қарасы көрінеді. Егер қаланың күйбең тіршілігінен шаршап, бір уақыт қармақ құрып демалғыңыз келсе, бұл таптырмас жер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға