Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту: Ұлттық жобаны іске асыруға 1 562 млрд теңге жоспарланған

Ұлттық жобаны іске асыру 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады
Кәсіпкерлікті дамыту: Ұлттық жобаны іске асыруға 1 562 млрд теңге жоспарланған
Фото: Үкімет 27.09.2022 10:54 1632

Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды El.kz

Ұлттық жоба шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілетті секторын қалыптастыруға, кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттыруға және кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар жасауға бағытталған. 

Ұлттық жобаны іске асыру 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады: кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, кәсіпкерлердің өсуін акселерациялау, жаңа тауашаларды қалыптастыру, бәсекелестікті кешенді дамыту. 10 міндет, 30 көрсеткіш және 69 іс-шара айқындалды. 

Ұлттық жоба: - өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасауға; - субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамытуға; - кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға; - экономиканы мемлекет иелігінен алуға бағытталған. 2022 жылы Ұлттық жобаны іске асыруға 1 562 млрд теңге жоспарланған, оның ішінде РБ – 311 млрд теңге, ЖБ – шамамен 54 млрд теңге, бюджеттен тыс қаражат – 1 197 млрд теңгеден астам. 2022 жылы мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлерге қол жеткізу күтілуде.

Елдің жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 33,8%-ға дейін жеткізу; – 175 мың жаңа жұмыс орнын құру; – «Бастау бизнес» шеңберінде оқудан кейін өз ісін ашқан адамдардың үлесін 40%-ға дейін жеткізу; – 700 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту; – табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз ауыл халқының үлесін 7,1 %-ға дейін жеткізу. 

«Жалпы, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шаралары бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылуда және Министрліктің тұрақты бақылауында», — деді Әлібек Қуантыров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға