Жаңалықтар

Кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топ құрамында 6 адам болған
Кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: inform.kz 25.07.2022 11:30 1399

Ақтөбе полициясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті  кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшелерін құрықтады, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қылмыстық топ құрамында деструктивті белгілері бар алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет түрлі себептермен екі жас жігіттен ақшалай қаражат бопсалаған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында аталған адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген полиция хабарламасында.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тергеу жүргізіліп, ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.






Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға