Жаңалықтар

Көші-қон қызметі: «Әрбір азамат тұрғылықты жері бойынша тіркелу қажет»

Бұл туралы ҚР  Ішкі істер министрлігі мәлімдеді 
Көші-қон қызметі: «Әрбір азамат тұрғылықты жері бойынша тіркелу қажет»
Фото: gov.kz 17.10.2022 13:32 1560

Заң бойынша әрбір азамат нақты тұратын жерде тіркелуі тиіс: ол жеке тұрғын үй болсын, жалға берілетін немесе тұрақты тұратын басқа тұрғын үй болсын, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. 

        Бұдан басқа, тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелмеген адамдар үшін жеке басын куәландыратын құжаттарын ресімдеуді қоса алғанда, мемлекеттік және басқа қызметтерді ұсыну бойынша шектеулер қолданылады.

        Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабында 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға дейін жауапкершілік көзделген, бұл бүгінде 21 мың теңгеден асады.

        Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті барлық азаматтарды заңға бағынуға шақырады. Меншік иесі сізді тіркеуден шығармағанын тексеріңіз. Қайда тіркелгеніңізді қараңыз. Егер сіз тұрғылықты жеріңізді өзгерткен болсаңыз, онда сіз жаңа мекен-жайға тіркелуіңіз қажет.

        Бұл өзге қалалық студенттерге де қатысты. Сіз оқу орныңыз бойынша тіркелуіңіз керек. Мұны ұзатпай мүмкіндігінше тез жасаңыз.

        Үш қарапайым әдіспен тіркеуді тексеріп, тіркелуге болады:

        Бірінші, ХҚКО-ның кез-келген бөлімшесінде, өзімен бірге жеке куәліктің болуы, сондай-ақ сол жерде келісім беру үшін тұрғын үй иесінің болуы жеткілікті.

        Екінші, егов.кз-те «электрондық үкіметтің» интернет-порталы арқылы, онда азамат тұрғылықты жері бойынша тіркеуге өтінім, ал меншік иесі де өз келісімін егов порталы арқылы бере алады.

        Үшінші, ІІМ тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жеңіл әдісін Халық Банкімен бірге Эпстор мен Плеймаркеттен жүктеуге болатын банктің мобильді қосымшасында жүзеге асырды. Ол арқылы жеке басын растау, тіркелудің өзі және меншік иесінің келісімі СМС-пароль арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу рәсімі шамамен бір минутты алады.

        Сондықтан қазақстандықтарды нақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуге тағы да шақырамыз және көші-қон заңнамасының осы талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға